Жұмыссыздықпен күрес — әлеумет дамуына үлес. Жетісу облысында 2023 жылы 39 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға дейін төмендеді. 74 пайызы Ұлттық жобалар мен бос жұмыс орындары негізінде тұрақты күнкөріс көзін тапты. Өзгелері кәсіпкерлік бастамалар аясында жұмысқа орналасты. Бұл туралы Жетісу облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқа мәжілісінде айтылды.