Жетісу облысында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды. Өңір шаруалары дәнді-дақыл сеуіп, жер жырту, ылғал сақтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл аймақта 525 мың гектар алқапты игермек. Қант қызылшасының аумағы ұлғайтылып, майлы дақылдар мен мал азығының егіс көлеміне басымдылық беріледі.