Жетісу облысында қылмыс көрсеткіші төмендеді. Жыл басынан 800 ден аса дерек тіркеліпті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға кеміген. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың да азайғаны байқалады. Бұл туралы полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсайынов тұрғындармен кездесуінде баяндады. Кездесуде қоғамға ортақ келелі мәселелер көтерілді.