Халыққа есеп — қалтқысыз жұмыс кепілі. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ақсу ауданы тұрғындарымен кездесті. Биылдан бастап, Президент жарлығына сәйкес, есептік кездесулер жылына 1 рет өткізілетін болды. Сапар барысында аймақ басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша да қабылдау өткізді.