Жетісу облысының әкімі Талдықорғандағы өнеркәсіп нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар Бейбіт Исабаев қала маңындағы шаруа қожалықтарында болып, егіс алқаптарын көрді. Дала еңбеккерлерімен тілдесіп, мәселелерін талқылады, ұсыныстарын тыңдады.