Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев талдықорғандық оқушылармен кездесіп, «Әдеп-құқықтық жұмыс жөніндегі ментор» жобасы бойынша дәріс оқыды. Бұл жоба аймақ басшысының бастамасымен жүзеге асқан. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастырып, оларды әлеуметтендіру жолында менторлық сүйемелдеу арқылы біріңғай тәрбие кеңістігін құруды көздейді.