Әлеумет әлеуеті әкім назарында. Бүгін Жетісу облысының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азама ттар негізінен тұрғын үй қорынан үй алу, шаруа қожалықтары арасындағы жер дауы, қылмыстық істің әділетті тергелуі сияқты бірқатар мәселені көтерді. Жеке сауалмен 9 адам жазылған. Алғашқысы Самат Алашбаев. Оны баспана мәселесі алаңдатады. Тұрақты жұмысы жоқ. Жұбайы Сәулемен 4 бала өсіріп отыр.Кішісі туғаннан сал ауруына шалдыққан. Самат Алашбаев Ескелді ауданының тұрғын үй кезегінде 191 болып тұр. Әйтсе де ол Талдықорған қаласынан үй беруді сұрап отыр. Бейбіт Өксікбайұлы облыс орталығынан тұрғын үй алу үшін шаһарда тұрақты тіркеліп, қайтадан кезекке тұру қажеттігін түсіндірді.