Жетісу облысының биылғы бюджеті 520 млрд теңге болып бекітілді. Былтырғыдан 20 пайызға көп. Өңірдің 2024-2026 жылдарға арналған қаржы қорына өзгерістер енгізілді. Мамандар ақпарынша бөлінген қаражат өңірдің шығындарын өтеп, экономикасын көтеріп, әлеуетін арттыруға бағытталады. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихат отырысының кезектен тыс өткен 15- сессиясында айтылды.