«Жетісу» телеарнасының бастамасымен «Ұстаз» атты жаңа көркем фильм түсіріліп жатыр. Туындының сценарийін осыдан 6 жыл бұрын Бейсен Құранбек жазған. Кинода ауыл мектебінің әл-ауқаты мен білім ордаларының ішкі проблемалары көрсетіледі. Әрі қарай жас педагогтың оқушыларымен қарым-қатынас құруы арқылы өрбиді. Дәл қазір түсірілім жұмыстары Ескелді ауданына қарасты, Ешкіөлмес елді мекеніндегі ескі мектепте өтіп жатыр.