Жетісудың үздік БАҚ өкілдері анықталды. Бүгін сала қызметкерлері арасындағы байқаудың қортындысы шықты. Жеңімпаздар марапатталды. Шарада үздік тележурналист, блогер, фототілші сияқты 9 номинация иегерлері облыс әкімінің жүлдесін алды. Қатарында Жетісу телеарнасының 7 қызметкері бар.