Биыл жетісулық 5 мың оқушысы «Мың бала» олимпиадасына қатысады. Бұл байқауда тек ауыл мектебінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары бақтарын сынай алады. Ең көп балл жинаған мың оқушы, еліміздің дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде тегін білім алады. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған сайыс 2 сәуір басталады.