Ел ертеңі – жастардың қолында. Жетісулық дарынды оқушылар Астана мен Көкшетау қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар жарысында жеңіспен оралды. Үздік атанған 19 оқушыға бүгін құрмет көрсетілді. Оларды білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов құттықтап, сый-сияпат жасады.