Жетісулық шабандоздар тағы да топ жарды. 500 шақырымдық Ұлы дала жорығы марафон – бәйгесінің мәре сызығын «Жолбарыс» командасы алғашқы болып кесіп екінші мәрте жеңімпаз болып отыр. Төрткүл дүние көз тікпесе де, тегіс қазақты қаратқан доданың марапаттау сәті Астана маңындағы «Құлагер» монументінде өтті.