Жүк көліктері тасымалын талапқа сәйкестендірмей, жолдардың сапасын сақтау қиын. Жыл басталғалы жүкті шамадан тыс тиеген 20 дан аса көлікке 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Тәртіпке бағынбайтын теміртұлпар иелерімен мұнан былай күрес күшейтілмек. Көлік министрі Марат Қарабаевтың тапсырмасымен барлық өңірде мобильді топтар құрылды.