«Күміс жас» — жобасы жұмыссыз жүрген егде жастағы адамдар үшін таптырмас мүмкіндік. Бағдарламаға былтыр өзгеріс енгізіліп, еңбек шарты 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, жалақыға мемлекет тарапынан төленетін субсидия көлемі ұлғайды. Өткен жылы өңірде 133 тұрғын жұмысқа орналасты.