Ынта-ықылас — ырыс көзі. Талдықорған қаласында жылыжай ашып, өзін де, өзгелерді де жұмыспен қамтып отырғандар бар. Бірі — Бағдат Нұрғали. Көкдәрумен өсіріп, қала нарығына шығарып келеді. Жеке ісін ілгерілету үшін, мемлекеттік бағдарламалармен жүйелі танысып отырады. Көңіліне қонғаны — «Ауыл аманаты». Қазір құжат жинастырып жатыр.