СҮЙІНШІ! “ЖЕТІСУ” ТЕЛЕАРНАСЫ ТАҒЫ ДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА. Бүгін Астанада “Тұмар” ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздары жарияланды. Арнамыздағы “Жанашыр” бағдарламасы “Үздік әлеуметтік жоба” танылды. Авторы – әріптесіміз Гүлнұр Қанатқызы. Қуанышында шек жоқ. “Тұмар” мүсіншесі мен 1 млн теңгелік арнайы сертификатты қанжығалап, Талдықорғанға бет алды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.