Талдықорған-Үштөбе тас жолының бойындағы Жастар-3 шағын ауданы сәулетті елді-мекенге айналып келеді. 790 жеке тұрғын үйдің 700-ге жуығы салынып бітті. 400-ден астамына халық қоныстанып та қойды. Ендігі мәселе әлеуметтік инфрақұрылымын ретке келтіру. Жаңа тұрғын үй алабында атқаралыған жұмыстарды өңір басшысы Бейбіт Исабаев көріп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






