Алматы облысындағы жарты миллионға жуық жас, төменгі пайызбен тұрғын үй ипотекасын алуға мүмкіндік алды. Бұл жастардың шекті жасын көтерудің арқасында мүмкін болып отыр. Енді 35 жасқа дейінгілер мұнан былай ресми түрде жастар санатында. Мұндай шешімнің арқасында көптеген азамат мемлекеттік бағдарламаларды қолдана алады. Мәселен, дипломмен ауылға жобасы арқылы қаржылай гранттарға қол жеткізуге болады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.