Жастардың кәсіп ашып, нәсіп табуына қолдау зор. Ол үшін елімізде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы іске қосылған. Бүгін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын бағдарлама Қонаевтағы халық көп шоғырланған сауда орындарында түсіндірілді. Бастама «Кеңес орталығы» жобасы аясында жүзеге асты. Бұл шара жастарға кеңес беріп, оларды мемлекеттік бағдарламалармен ақпараттандыру мақсатында қолға алынған. Мамандар 100-ге тарта азаматқа мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын түрлі жеңілдіктерді түсіндірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.