Жетісу өңіріне іс сапармен еліміздің бір топ сенат депутаттары келді. Алдымен олар Талдықорғанда Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысын өткізді. Мұнда фермерлердің көктемгі дала жұмыстарына байланысты мәселелері талқыланды. Осыдан кейін халық қалаулылары Ескелді, Кербұлақ аудандарында болды. Жергілікті халықпен кездесті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.