Облыс бойынша аудан әкімдерінің сайлауына барлығы 94 сайлау учаскесі қамтылған.
Атап айтқанда Кербұлақ ауданы – 60, оның ішінде 2 (екеуі) жабық, Сарқан ауданы – 34, оның ішінде 4 (төртеуі) жабық, 2 аудандық аумақтық комиссиялардың саны 21 мүшесі, учаскелік сайлау комиссияларының саны 538 мүшесі жұмылдырылды.
Екі ауданның сайлаушылар саны 54 634 адамды құрайды. Кербұлақ – 27 787 адам, Сарқан – 26 847 адам.
Дереккөз: “Жетісу” газеті