Басты ұстанымы не, бас кеңсесі қайда екенін сұрап үлгерді… Бүгін БАҚ өкілдері орайлы сәтті пайдаланып, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтан алғашқы сұқбат алды. Тосыннан қойылған қос сұрақтың алғашқысы: “Облыс әкімі ретінде қолға алар басымды бағыттары туралы болды. Әкім “Мемлекет басшысы талап еткеніндей: ең бірінші мақсатым – халықтың әл-ауқатын жақсарту”, – деп жауап берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






