Жетісу облысының студенттерін жатақханамен қамту жұмыстары қарқынды. Өңірде бір ЖОО, 30 техникалық және кәсіптік білім беретін мекеме бар. Оның 21-і мемлекеттік. Бұл білім ордаларында 5мыңнан аса студент жатақханамен қамтылған. Алдағы уақытта тағы төрт колледждің жатақханасы қолданысқа берілмек.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.