Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Аталмыш байқау биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Журналистер бәйгесіне 100-ден аса әлеуметтік бағдарлама қатысқан. Солардың ішінен «Жетісу» телеарнасының журналисі Сәния Байтарова үздік шықты. Әріптесіміз жүзден жүйрік атанып, бас жүлдені иеленді. Ол «Жігерге» «Меруерттің мұңы» деп аталатын арнайы шығарылымын жіберген еді.