Спорт саласында – құрылыс қызу. Биыл Талдықорғанда “Жетісу” волейбол клубына арналған спорт нысаны салынады. Ал, волейболшылары үшін арнайы тұрғын үй құрылысы басталмақ. Жетісу өңірі спортты дамытуға ден қойып жатыр. Енді өңір орталығында индер-хоккей, регби және үстел теннисімен басқа да спорт түрлеріне арналған кешендер бой көтереді. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев осы және басқа да жобалардың жай-жапсарын жауаптылармен талқылады. Басқосуға құрылыс компаниялардың өкілдері, дизайнерлер мен демеушілер қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.