Жетісу теле-радио компаниясында жаңа басшы. ДУМАН АЛТЫНБЕКҰЛЫ Жетісу телеарнасының директоры болып тағайындалды. Сала мамандарына бұл жаңалықты облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли жеткізді. Жаңа қызметіне табыс тілеп, облыстық телеарнаның өркендеуіне сенім білдірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.