Халықаралық біріншілік биыл Австралияда өтті. Онда Жетісу облысының тумасы Евгений Федоров 170 шақырымдық топтық жарыста мәреге бірінші келіп, көш бастады. Қазақстандық спортшылар мұндай нәтижеге соңғы рет 2012 жылы қол жеткізген. Араға 10 жыл салып қуанышты жағдай қайталанып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.