Жетісулық жас журналистер назарына! Өңірде “SUNRISE AWARDS – 2021” БАҚ өкілдері арасында байқау жарияланды. САйысқа 16 мен 29 жас аралығындағы газет, телеарна тілшілері мен таспагерлер қатыса алады. Үміткерлер жұмысы 6 аталым бойынша сарапталады. “Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру”, “пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму”, “Сапалы білім беру”, “Өңірлік саясатты жетілдіру” сынды тақырыптар қамтылуы шарт. Қалам ұстаған қауым арасындағы додада тілшілердің шеберлігі, ақпаратты зерделеп бере алуы, сараптауы басты назарға алынады. Соңында үздік танылған жұмыс авторы бағалы сыйлықтармен марапатталады. Өтінімдер
қазанға дейін қабылданады.