Жетісу облысында 2 миллион 811 мыңнан астам төрт түлік электронды базаға енгізілген. Бұл өңірдегі мал басының нақты есебін жүргізіп, ветеринариялық бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе. Қазір цифрландыру ауыл шаруашылығы саласына да дендеп еніп, ветеринар мамандардың жұмысын жеңілдетіп келеді. Ал бұл бағыт Мемлекет басшысының Жолдауында да айрықша атап өтілген. Президент ветеринария саласын реформалап, заманауи технологияларды енгізу және қызмет сапасын арттыру міндетін жүктеген болатын. Жетісу өңірінде осы тапсырмаларды жүзеге асыру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






