Жетісу облысында биыл қант қызылшасынан рекордтық өнім алынды. 635 мың тонна тәтті түбір жиналды. Соның 600 мыңдай тоннасы Ақсу, Көксу қант зауыттарына өткізілді. Десе де қос кәсіпорында қабылдау жұмыстары әлі де жалғасуда. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша тек 12 ірі шаруашылық қалған. Олар бүгінде өнімдерін қант зауыттарына өңдеуге өткізуде. Айта кетсек, қант қызылшасының егіс алқабы 1,7 есеге ұлғайып, 13,7 мың гектарға жеткізілген. Сондай- ақ, 5 ауданда 8 жаңа сервистік-дайындау орталығы құрылып, 30 шаруа қожалығына құны 2,5 млрд. теңгеге қант қызылшасы өндірісіне қажетті 62 бірлік техника сатып алынды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.