Деструктивті діни ағымдармен күресу мақсатында Жетісу облысындағы білім беру мекемелерінде арнайы семинарлар өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің тапсырмасымен мамандар апта басталғалы аудан-қалаларды аралап жүр. Оқушылар мен студенттерге теріс идеологияның арбауына түспеудің жолдарын түсіндіреді. Кезекті шараның бірі бүгін Жетісу университетінде өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.