Жетісу облысында газ тарту жұмыстары қарқынды. Жалпы 51 пайыздан аса елді мекенге көгілдір отын тартылды. Жыл соңына дейін орталықтандырылған табиғи газға тағы да 16 ауылды қосу көзделіп отыр. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін биыл бюджеттен 12 млрд теңге бөлініпті. Ал республика күні қарсаңында Көксу ауданы бойынша үш елді мекен көгілдір отынға қосылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.