Жетісу облысында мал төлдету жұмыстары да басталып кетті. 900 мыңға жуық төл алу жоспарда бар. Қазірдің өзінде оның 111 мыңнан аса төл алынды. Шопандар “қойым егізден қоздасын”деп тілесе, сақманшылар түн ұйқысын төрт бөліп алынған төлдің аман қалуы үшін жанталасады. Себебі, әрбір төл – ертеңгі күннің берекесі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.