Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев “Мерейлі отбасы – 2024” ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бас жүлдеге Алакөл ауданындағы Әлекеевтер әулеті ие болды. Енді бұл отбасы елордада өтетін республикалық байқауда өңір абыройын қорғайтын болады. Үлгілі әулеттің өнегесін көпшілікке танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін игі шараға биыл 415 отбасы қатысқан.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.