Жетісу облысының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңір басшысына Кербұлақ ауданының тұрғыны мүмкіндігі шектеулі баласының денсаулығы күн санап нашарлап жатқанын айтып, көмек сұрап келді. Мамандар осы күнге дейін оған облыс, аудан деңгейінде тиісті медициналық көмек көрсетілгенін айтады. Қазір жағдайы бақылауда… Десе де, Бейбіт Өксікбайұлы жауаптыларға өңірдегі жоғары кәсіби білікті дәрігерлермен консилиум өткізуді тапсырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.