«Меценат.kz» әдеби байқауының жеңімпазы, жазушы Есболат Айдабосынды облыс әкімінің орынбсары Диас Есдәулетов қабылдады. Қаламгермен кездесу барысында әдебиет мен кітап оқу мәдениеті жайында әңгіме өрбіді. Әкім орынбасары Жетісу өңірінде жас жазушылардың жаңа деңгейге көтеріліп, шығармашылықтары оқырмандар қауымымен бағаланып жатқанын атап өтті. Ал Президенттің Кітап оқитын ұлт жобасы қаламгер мен кітапқұмар жандарды біріктіре түскен бірегей бастамаға айналғанын тілге тиек етті. Жазушы да өз жоспарларымен бөлісіп, жалпы әдебиетке, қолына қалам ұстаған жандарды мемлекет қолдап жатқанда, қаламгерлер де қарап қалмай тың дүниелер жазуға тырсады деген ой айтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






