Жетісу жастары Балқаш көлінің жағалауы мен соған апарар жолдың бойын қоқыстан арылтты. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көл жағалауында «ECORace» атты экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды. Бастаманың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру. Сондай-ақ азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатты аялауға шақыру идеясы болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






