Жылыту маусымына дайындық жұмыстары Қонаев қаласында да пысықталды. Бүгін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен облыс әкімдігі сондай ақ полицейлер мен еріктілер орталық алаңда бас қосты.
Олар бұл күні «Әр үйде өрт қауіпсіздігі!» атты кең ауқымды акция ұйымдастырды. Сөйтіп 2023-2024 жылдардағы жылу беру кезеңін қалай қауіпсіз өткізу туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұнда бірлескен топ мыңнан аса тұрғын үйді аралап шығады. Төтеншеліктердің айтуынша әсіресе қатты отын пайдаланатын аулаларда өрттен сақтану шаралары тыңғылықты қолға алынуы тиіс. Әрі электр желілерінің қысқа тұйықталуы мен пеш ақауларынан болатын кедергілер де түбегейлі жойлуы қажет. Айта кетсек осы жылдың 7 айлық көрсеткіші бойынша облыс орталығында әр түрлі деңгейде 33 жерде шығу пактісі тіркелген. Арасында зардап шеккен адамдар да бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.