Биыл Жетісу өңірінде жол құрылысы талапқа сай болды. Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 24.9 млрд. теңге қаражат бөлінген. Аталған қаражатқа 200 шақырымға жуық жолды жаңарту жоспарланған. Бүгінгі таңда, 22 млрд. теңгесі игеріліп, 175 шақырымына асфальт жамылғысы төселді. Олардың арасында 30 жылда жөнделмей келген жолдар да бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.