Талдықорғанда Республикалық Ауыл Жасөспірімдерінің 4-ші жазғы спартакиадасы 9 күн бойы өтті. Спорттық ойындардың соңғы жарысы Қазақ күресінен ұйымдастырылды. Оған еліміздің 14 облысынан үздік деген 100-ден аса жас балуаны келген. Олар 9 салмақ бойынша өзара күш қарымын сынады.