Су тасқынынан жапа шеккен өңірлерге Көксу ауданынан барған гуманитарлық көмектің легі толассыз. Ауданның бірнеше қазыналы қарты бас қосып, қаражаттарына киіз үй сатып алып, Батыс пен Солтүстік Қазақстан облыстарына жөнелтті. Оған қоса жеке кәсіпкерлер мен қарапайым халық ақша жинап, қарғын судан зардап шеккендерге көмек көрсетті.