Келеңсіз жағдай 28 ақпан күні таңға жуық Талғар аудандық орталық ауруханасында орын алған. Бұл туралы тілшілермен тілдескен ақ халаттылар айтты. Зардап шеккен қабылдау бөлімінің 31 жасар кезекші дәрігері аты-жөнін жария еткісі келмеді. Ол таңғы сағат 4:00 шамасында Тұздыбастау ауылынан жедел жәрдеммен жеткен 58 жастағы әйелді қабылдап алған. Сырқаттан сараптамалар алып, диагнозын анықтағанға дейін емделушінің ұлы Нұрғиса Әбішов сабыр сақтай алмапты. Айқайға басып дәрігерге дөрекілік танытып, балағаттаған. Артынша басу айтқан медицина қызметкеріне қол көтеріпті. Қазір таяққа жығылған дәрігер аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайы жаман емес. Өзін себепсіз жәбірлеген азаматтың үстінен құқық қорғаушыларға арыз беріпті. Енді ақ халатты абзал жанға қол көтерген қызуқанды жігіт заң алдында жауап бетін болады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.