Сарыөзек ауылын орталықтандырылған су жүйесіне қосу жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Елді-мекеннің оңтүстік-шығысы мен орталығындағы 25 көшесінде мыңнан астам абонент жаңа құбырға қосылуы тиіс. Бұл ауыл халқының үштен бір бөлігі. Тұрғындарға ескі су жүйесімен де тіршілік нәрі үздіксіз беріліп жатыр. Ал жаңа желімен су халықтың құбырға қосылу қарқынына қарамай ертерек берілетін болады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






