Алакөл бүгінде Қазақстандағы ең танымал туристік бағыттың біріне айналды. Жыл сайын көл жағалауына келетін демалушылар саны артып, өңірдің туристік әлеуеті күшейіп келеді. Жетісудың жауһарына биыл рекордтық 2 миллион турист келеді деп күтілуде. Табиғатының көркемдігі, емдік қасиеті бар суы және жаңғырып жатқан инфрақұрылымы Алакөлді отандық туристер үшін тартымды демалыс орнына айналдырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






