Биыл алты алашқа әйгілі би, батыр Жолбарыс Жылқайдарұлының туғанына 350 жыл. Осыған орай, облыс аумағында түрлі мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Жыл ішінде батыр баба туралы кітаптың тұсауы кесіліп, қойылымның премьерасы өтеді. Танымдық кездесулер де бар. Бірі – Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада болды.