Райымбек ауданына қарасты Шалкөде ауылы сапалы ауыз суға зәру. Тұрғындар тіршілік нәрін көшеден тасып ішуге мәжбүр. Екі жыл бұрын ауылда орталықтандырылған су құбыры тартылыпты. Алайда, жауапты мердігер істі соңына жеткізбей, аяқсыз қалдырған. Биыл құрылыс қайта жанданыпты. Десе де жергілікті халықтың шыдамы таусылып, суды күтіп сарғайғандарын айтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.