Сарыөзектіктерді сары уайымға салған ауыз су мәселесі шешілді. Тұрғындар кезең-кезеңімен жаңадан тартылған тіршілік нәріне қосыла бастады. Бірінші кезекте емдеу мекемелері мен темір жол маңайындағы көшелер қосылуда. Жалпы қыркүйек айының біріне дейін 18 мың тұрғыны бар аудан орталығы сапалы ауыз суға толықтай қол жеткізбек. Айта кету керек елді-мекенге орталықтандырылған су жүйесін тарту жұмыстарына мемлекеттен 4,5 млрд теңге қаржы бөлінді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






