Алматы облысында «Ауыл аманаты» бойынша 32 адам несие алды. Алғашқы траншпен бөлінген 2,3 млрд теңгенің 217 миллионы азаматтар есепшотына аударылған. Бүгінге дейін «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 710 өтініш түскен. Сенімді сараптамалық комитет құжаттарды сүзгіден өткізіп жатыр. Бүгінде Балқаш ауданының 8 азаматы жоба негізінде қаржыны алып үлгерді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.