Биылғы оқу жылында Алматы облысындағы оқушылар саны 10 мыңға артып отыр. Осы орайда өңірдегі 3 ауысымдық мектеп проблемасы да шешіліп келеді. Мәселен қазір өңір аумағында 16 жаңа оқу ордасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 7-уі 1-қыркүйектен бастап қолданысқа беріледі. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысы мәлімдеді. Айтуынша, салынып жатқан мектептердің әрқайсысы мың жарым оқушыға шақталған. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 11 оқу ордасының 7-уі жаңа жылға дейін дайын болады– дейді Салтанат Беспаева. Оған қоса алдағы уақытта «жайлы мектеп» жобасы аясында 50-ден аса білім беру нысандары салынады деп жоспарланған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.